«Фирманың құпиясы»

22 сәуірде 2015

Көрінбес лидер: курганның «Максим» таксиге тапсырыс беру сервисі қалайша Ресейде №1 атанды

Максим Белоноговты таң қалдыру оңай емес. Аймақтарда таксистермен — жұмыс жасау жүйкесі нашар жандардың айналысатын ісі емес. Google мен «Яндекс» «Такси “Максим”» сұранысы бойынша мынадай қылмыстық мағлұматтарды береді: Абаканда кеңсені өртеп жіберген, Нижний Тагилда бөлімшенің басшысының машинасын өртеген, в Омбыда жүргізуші жолаушы әйелді қылғындырған, Тамбовта жолаушы жүргізушіні қылғындырып өлтірген. «Максим» таксиге тапсырыс беру қызметінің негізін қалаушы барлығына да прагматикалық көзқараспен қарайды — біріншіден, бұл Ресей ғой, екіншіден, «ең бастысы бастау ғой, басқасының барлығы да қыңырлыққа тәуелді болады, ал біз өте қыңырмыз».

Алдарыңызда Ресейдегі №1 такси сервисі «Яндекс.Такси» қарағанда, «Максим» (тәулігіне 60 000 қарағанда бір миллион) күніне 15 еседен көп мәрте тапсырыстар алып отырады. Белоноговтың компаниясы Курганда бастау алды және енді Ресейдің 89 қаласында жұмыс жасап келеді. Оның жақын бәсекелесі — «Рутакси», «Везёт» пен «Лидер» қызметтерінің бағдарламашығы, — 82 қалада жұмыс істеп келеді. Бәсекелестер, шенеуніктер мен лоббистер «Максимді» барлық жаман қылықтарда кінә тағып келеді («Секрет» пікірі: «Сіздер Ресейдегі ең ірі заңсыз тасымалдаушыны пиарлап келесіздер!»). Белоногов болса жаңадан филиалдар ашып жатты,— ал 2014 жылдан бері елден тыс жерлерге де шыға бастады.

Кәсіпкер интервью бермеген, алайда оның бизнесі байқалмастай қала бермейтіндей тым үлкейіп келеді. Біздің санауымызша, компанияның қаржы айналымы күніне кем дегенде 10 млн рубльді құрап отырады. «Секрет» «Максим» таксиінің тарихы мен оның негізін қалаушы жан жан туралы тарихты жазып отыр.

Старт

Осынау бейсболка киген, джинстегі және жейдедегі жігітке шамамен 4 000 адам жұмыс істеп отырғандығына бірден сену қиын. «Максимде» Кургандағы пехотаның ұрыс машиналарын жасап шығаратын — үлкен зауыттың қызметкерлерінің санындай болып отыр. Егер «Максимнің» штаттағы қызметкерлерінің қатарына қазіргі сәтте елде-мекендерде адам тасымалдап шарлап жүрген жүргізушілердің өзін қосқанда, сол Курган қаласымен (шамамен 300 000 адам) барабар шағын қаланың тұрғындарындай болып шығады. Осынай шағын әлемді қалыптастырып тізеден тұрғызуға негізін қалаушы кәсіпкер жанға он жылдан сәл астам уақыт қана жұмсалды.

Белоногов үлкен кластарда оқыған күннің өзінде жұмыс істеп жүрген — сайлаудың алдында оның таныстары пәтерлерге барып жүріп ЛДПР үшін дауыс беруге үгіттеуді ұсынған еді. Нашар жұмыс емес, алайда қыңырлықты талап етеді — ал қазіргі заманға қарағанда, тоқсаныншы жылдары есіктің қоңырауы кездейсоқ соғылғанынан жұрт жаман сескенетін. Тапқан ақшаларына Максим LM сигатераларын сатып алып жүрген. Кластастары оған қызыға қарайтын.

Белоноговтың танысы жедел жәрдем ауруханасының жанындағы арнайы бригадада жұмыс істеген. Бригада дәрігерлер қайтыс болғандығын ресми атаған соң мүрделерді алып кетіп отыратын. «Мүрде тасымалдаушылар қатты ішетін, және менің де танысымның әріптесі жұмысына жиі шықпай жүретін», — деп еске түсіреді Максим. Бірде сол әріптесі қатты ішіп кетіп, жолдасы осы 15 жасар жасөспірім Максимді директорға алып барып оны жаңа көмекші ретінде ресімдеуін өтінген еді.

Максим ресми жұмыс істей алмады, алайда өзінің ақшасын ала алатын. Белоногов мүрде тасымалдаушылардың бұл негізгі ақылары болатын — біреулердің туыстары қайтыс болғанда, ол ақшасын абайлап мүрдені тыныш тасымалдау үшін маманның қолына ұстатады. Жұмыс ауысымдары көп болмайтын, алайда бұрынғыша LM сатып алуға жетіп артылатын.

1996 жылдың көктемінде, Белоногов Курган университетіне оқуға түсуге дайындалып, жаттықтыру емтихандарын тапсырып жүргенде, орыс тілінен емтихан тапсыратын күні оның шаңырағында қайғы болып, оның анасы — дүние салды. Әкесі одан ертеректе, Максим тоғыз жаста болғанда қайтыс болған екен. Олар ақшасы жетпей налып жүрген ағасы екеуі сонда жалғыз қалыпты.

Асыраушысынан айрылғандығына төленетін жәрдемақыға ол Белоногов Pentium 100 компьютері мен принтер сатып алады. Өзінің курстасы Олег Шлепановпен бірге (кейін «Максим» әріптесі атанды) олар Фидонеттен рефераттар жүктеп, оларды басып шығарып, сатумен айналысыпты. Сонымен бірге автокөліктер үшін газ жабдықтарын және де «Русь» нөмір анықтайтын бұрынғы танымал радиотелефондарды сатып жүрген.

Фотосурет: Александр Алпаткин/«Секрет Фирмы»

Екінші курста Белоноговтың қызы туды, ал сол кездің өзінде ақшасы жетпей жүрді. Сонда отбасындағы ең басты жиі тамақтары майонез қосылған картоп болатын. Сөйтіп осы екі серіктесте алғашқы жалданбалы қызметкері пайда болды — мүгедек ата диспетчер болуға келісті. Ол көтерме саудамен әрі бөлшектеп сатып алуға адамдарды жаңа аппараттарды сатып алуға жақсылап шебер көндіре алатын еді. Оның реті былайша болатын: тапсырыс берушіге қандай телефон керектігін айқындап алып, және сол ақпаратты студенттердің пейджеріне дереу мекенжайын жазып жіберетін. Максим Олегпен бірге әдетте университеттегі сабақта отыратын, және біреуі міндетті түрде қолын көтеретін, сосын дәретханаға шығып келуді сұранып, машинаға отырып, тапсырысты орнына жеткізіп тастайтын еді. Ол көліктің жүксалғышы телефондарға толы болатын.

Ал екі мыңыншы жылдарды әу басында бизнесі тұралап қалды — себебі Курганға «Эльдорадо» сияқты деңгейдегі ритейлерлер келе бастаған еді. Солармен бәсекеге түсу енді оңайға түспесі анық болды. Серіктестерге өздеріне де делдал сатушылар болудан шаршады — олар технологияларды автоматтандыру факультетінде оқып жүрді, әртүрлі бағдарламалар жазатын, және де курьер болып жұмыс істемей-ақ бір маңызды нәрсе жасап шығарғысы келетін.

Пейджингілік компанияда жұмыс істеп жүрген бір Белоноговтың танысы, ұқсас бір бизнес ашып алуға ұсыныс білдірді. Қысқа да болса нұсқалы пейджерлер заманы қайнап жатқан кез еді. Шадринскіде — Курганнан 140 км қашықтықта, 80 000 тұрғын — өздерінің пейджингілік компаниясы болмаған еді. Шынын айтқанда, осы компаньондар мәскеулік Mobile Telecom франшиза арқылы енді тіркелгісі келгенде, ресейлік бизнестің ерекшеліктері сонда да таныла бастады — дереу бәсекелестер пайда бола шықты. Шарттасуға тура келді: Белоногов оларға Каменск-Уральскіде (175 000 тұрғын) оларға пейджингілік компания ашып беріп, үлесте болуға келісті.

Осы жобамен бас қатырып жүргенде, пейджинг заманы да аяғына жетті. Белоногов есіне алғандай, жігіттер қатты ашуланды — «өй шошқа неме біздің ақшамызды құрттың ғой» дегендей болды, — алайда ештеңе қолдан жасай алмады. Сол кездерде бұл кәсіпкер үйіне де келе алмай жүретін еді, сөйтіп бірде үйіне бір ай уақыт келмегенде, туған қызы оны көрген бетте «әке» деп қарсы алудың орнына, «сіз» деп сызылып тұрыпты. Содан бері ол өз отбасын көп уақытқа қалдырмапты.

Толық мәтіні: secretmag.ru