Қазақ

Ксения Цынченко

Операторлардың саны бойынша халықаралық байланыс орталығының екінші филиалына басшылық етеді.

Ксения туристік агенттікте жұмыс істеп жүрген болатын, әрі таксиге тапсырыс беру сервисінің кеңсесіне жартылай ставкаға менеджер ретінде келді, ал екі жыл өткенде бөлімшені басқара бастады.

Ол әйел-басшылардан бірінші емес. Оған дейін де бұл кеңсені де әйел басқарған болатын. Аймақтардағы бөлімшелердің көпшілік менеджерлері — ерлер, алайда олардың әріптестерінің арасында сервисті өз қалаларында дамытумен айналысып жүрген нәзік жандылар қараты аз емес.

— Менің тәжірибем көрсетіп отырғандай, әйелдердің алдында жүргізушілер өздерінің эмоцияларын сәл сабырлықпен ұстайды, оңай келісуге әрі даулы мәселелерді шешіп алуға болады дейді — Ксения. 

Бір кездері Ксения бөлімше басшысының лауазымы мен байланыс орталығы филиалырынң жетекшісі лауазымын қоса атқарып жүрген еді. Бүкіл елден тапсырыстарды өңдеу үшін операторлар штатын ұлғайтудың қажеттігі туындағанда, ол осы мәселеге зейін қойған. Ал кеңсенің басшысы орнын басқа бір әйел иемденген екен.

Қазірде Ксения басқарып отырған байланыс орталығы саны бойынша Ресейде таксиге тапсырыстар қабылдау үшін мамандандырылған ірі байланыс орталығының екінші филиалы болып табылады.

— Менің жұмысым үнемі жаңа нәрселерді үйреніп-білуге, өзгеше адамдармен араласуға, және қызықты тәжірибе алуға мүмкіншілік береді деп — ойлайды Ксения. — Барлығы неден басталғанына талдау жасап, неге қол жеткізгенін еске түсіре бастағанда, жас қызметкерлер үшін мұнда мүмкіншіліктер өте мол болатынын аңғарасың.

Басқа тарихтар

Денис Федяев

«Оқыту жүйесі істің мәнін тез ұғынып алуға көп көмегін тигізді»
Жалғасын білу

Федор Плаксин

«Мен Сочиден Читаға дейін бүкіл Ресейді жүріп өткем».
Жалғасын білу