Қазақ

Денис Федяев

Компанияның бизнесін бірнеше қалада сәтті дамытып келеді.

Денис сауда саласында істеген, ірі компанияда сату бөлімінің бастығы болған жан. Бірде, өзін іске асыруға көбірек мүмкіншілік беретін жұмыс іздеп көруге бел буған. Сонда «Максим» сервисінің хабарландыруын көзі шалған, онда қалада жұмысты бастау үшін кеңсенің басшысы керек болған екен. Алайда онда такси қызметі саласындағы тәжірибесі болған емес.

— Алдымен, бұл бар болғаны кезекті такси қызметі ғой деп ойланып қалдым. Және де диспетчерлер мен таксистер отыратын шағын кеңселерден айырмашылығы шамалы болатын шығар деп елестеттім өзіме. Бұл халықаралық деңгейдегі замануаи технологиялық сервис екендігін білген сәтте осында бірден қызметке орналасқым келіп кетті. Түйіндемемді жібердім, сұхбаттасу сатысынан өттім, сонда мені қабылдады, — деп түйіндеді Денис.

Оқыту жүйесі қысқа мерзімнің ішінде Дениске бар егжей-тегжейді айқындап алып, іске кірісуіне, кеңсе ашып, соған қызметкер менеджерлерді қабылдауына көп септігін тигізді. Бір ай өткенде қалада мыңдаған тапсырыстар орындап жаттық! Әлбетте Дениске елдің басқа түкпірінен жаңа кеңсе ашуға ұсыныс түсті. Жаңа қалада Жаңа қалаға үйреніп, бейімделу қиын болмады, өйткені ол өзіне қанда мамандар керектігін, нені қалайтындығын өз тәжірибесінен біліп отырған болатын. Осының барлығы да толық ауқымда жұмысты жедел бастап кетуге мүмкіндік тигізді. 

— Мүдделі болсаң, көзің шарадай жанып тұрса, сонда өз жұмысың әуес болып қана қоймай, өмірлік тіршілігіңе айналатын болады, — деген сенімде Денис. — Өзімнің алған жаңа қызметкерлеріме үнемі ескіні қойып, жаңаша ойлауды, әрі қадам жасауға қорықпауға кеңес беріп жүремін.

Басқа тарихтар

Ксения Цынченко

«Жас қызметкерлер үшін мүмкіншіліктер зор».
Жалғасын білу

Федор Плаксин

«Мен Сочиден Читаға дейін бүкіл Ресейді жүріп өткем».
Жалғасын білу