Қазақ

Федор Плаксин

Жаңа елдер мен қалаларда компанияның бөлімшелерін ашуға дайындаумен айналысады.

Әскерге шақырылғанша Федор банкте қызмет еткен, ал әскерден оралғанда дағдарыстың қырсығынан қызметкерлердің көпшілігі қысқартуға жатқызылғандығын естіген екен. Жұмыс іздей бастапты, сонда «Максим» сервисінде менеджер қызметінің бос орны бар екендігін байқаған. Түйіндемесін жіберген де, шамалы уақыттан соң жұмысына да кірісіп кеткен. 

Жарты жыл өткенде Федор жоғарылап, бөлімшенің басшысы лауазымына жоғарылаған. Ол кезде қызметкерлер құрамын оқыту жүйесі енді ғана қалыптастырылып жатқан екен, әлбетте түйсік арқылы жиі әрекет ету керек болды, алайда аймақтық дирекцияның қызметкерлеріне сүйемелдеу жәрдем көрсетіп отырған. Біртіндеп барып, бұл жас басшы менеджерлерді жинақтап алып, әрі өз ұжымын нәтижелерге бағдарлауға меңгере алды.

Қаладағы бизнес сәтті жүре бастады, бұл сервис жолаушылар мен жүргізушілердің арасында танымалдылыққа ие бола бастады. Сонда Федорға бас кеңседегі директордың аймақтарды дамыту жөніндегі орынбасары қызметі ұсынылды. Алдымен көшіп-қоныс тебу жайынан абыржыды, өзін сондағы ұжым қалай қабылдайды деген ойлары жиі мазалады. Алайда бейімделу ісі жедел өте шықты:

— Мен, егер бұдан бас тартсам, кейін осыным жайлы өкінетін болармын деп ойландым. Қашан да болса артқа орала аламын ғой, ал өзіңді жаңа лауазымда — жаңа қырыңнан танып көру өте қызықты. Мені жақсы қабылдады, және бір ай өткенде мен толығымен игеріп кірісіп кеттім. Әріптестерім қалайша жұмыс стратегиясын әзірлеп алуды, және де қалайша уақытты сауатты түрде үлестіру жайлы көмек кеңестерін беріп жатты, барлық жағынан көмектесті. 

Енді Федор бір кездері өзіне кеңес беріп үйреткен адамдармен теңдес ретінде араласып қоймай, оларға өзі де кеңестер бере алады. Қол жеткізген тәжірибесі оған стратегиялық бағытпен — жаңа қалалар мен елдерде компанияның бөлімшелерін ашуға дайындық жасауға көп септігін тигізіп келеді. Және де өте мықты маман үшін бұл әлі шектеліп қалмасы анық:

— Өзімнің әлеуетті шабытымды әлі артығымен паш ете алатынымды түсінемін. Өзім үшін арнайы қосымша жүктемелерді алып жүремін, жаңа бағыттарды, мақсаттарды іздестіремін, өзімді әр қырымнан танытқым келеді. — қызметінің тағы да бір қызықты тұсы – бұл басқа қалаларға баратын іссапарлар. Мен Ресейді Сочиден бастап Читаға дейін аралап өттім деуге болады. 

Басқа тарихтар

Денис Федяев

«Оқыту жүйесі істің мәнін тез ұғынып алуға көп көмегін тигізді»
Жалғасын білу

Ксения Цынченко

«Жас қызметкерлер үшін мүмкіншіліктер зор».
Жалғасын білу